Екібастұзда құбыр желісінен шыққан ақау қалпына келтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда құбыр желісінен шыққан ақау қалпына келтірілді

19.05.2023

Екібастұзда құбыр желісінен шыққан ақау қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары кезінде диаметрі 820 миллиметрлік тығын атылып кеткен. Салдарынан ыстық су қазылған арық бойымен сыртқа ағып жатқанын кешегі жаңалықтарымызда көрсеткен едік. Жөндеу тобы жедел кірісіп, апаттың алдын алды. «702 үйдің 215-інде ғана ыстық су бар»,- дейді мамандар. Қалған үйлерге кезең кезеңімен беріледі. Қыста жылусыз қалған Екібастұз қаласында қазір құбырлар жаңартылып жатыр. 

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу