Оралдықтарды біраз әбігерге салған кәріз құбыры жөнделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдықтарды біраз әбігерге салған кәріз құбыры жөнделді

02.03.2020

Оралдықтарды біраз әбігерге салған кәріз құбырындағы апат салдары жойылып, демалыс күндері қалаға су берілді. Ол үшін бірнеше күннен бері үш жерден жарылған кәріз құбыры қалпына келтірілді. 

Естеріңізге сала кетейік, 26 ақпанда кәріз желісінде апат болып, 74 мыңнан аса адам сусыз қалған еді. Қалпына келтіруге «Батыссуарнасы» мен барлық коммуналдық мекемелер жұмылдырылды. Ылғал топырақтың салмағына шыдас бермей, опырылған шыныпластик құбыр коллектор істен шыққан. Мұндай жағдай соңғы екі жылда бірнеше рет қайталанды. Биыл желі жаңартылмақ.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу