Балқашта жылу толық берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқашта жылу толық берілді

11.12.2023

Балқаш қаласында жылусыз қалған үйлердегі жағдай толық қалпына келтірілді. Екі күн бұрын 630 миллиметрлік құбыр жарылып, 5 көшедегі үйге баратын жылу қысымы төмендеген еді. Осы оқиға ізімен арнайы штаб құрылып, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Сөйтіп, ақау қалпына келтірілді. Жалпы Балқаш қаласындағы жылу құбырлары 75 пайызы ескірген, - дейді мамандар.

Руслан Нұрланұлы


Қарағанды облысы Балқаш

Хабарламаларға жазылу