Шымкентте «Отбасым - Отанымның тірегі» атты форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Отбасым - Отанымның тірегі» атты форум өтті

18.05.2023

Отбасы - мемлекеттің тірегі. Қоғамның басты байлығы. Ұрпақ сабақтастығы, шаңырақ құндылықтарын дәріптеу мақсатында Шымкент қаласында алғаш рет арнайы форум ұйымдастырылды. Басқосуда отбасы институтын қолдау мен нығайту мәселерін жан-жақты талқыланды.

Адалдық. Еңбекқорлық. Әрбір қиындыққа төзе білу. Форумда адам бойындағы осы қасиеттер отбасындағы басты құндылық ретінде жиі айтылды. «Сонан соң шаңырақтың қызыққа, қуанышқа толы болуы отбасындағы бауырмалдық пен береке-бірлікке де байланысты», - деді сөз алғандар.

Батырхан Назаров, мұғалім:

Көптеген ата-аналарымыз тәрбиені басқа жақтан іздегісі келеді. Негізі тәрбие отбасынан басталады. Статистикаға сүйенсек, отбасыда 60 пайыз тәрбие алады. Соның 30 пайызы көшеде, 20 пайызын достарынан алады.

Форумға «Мерейлі отбасы» байқауының қатысушылары, елге сыйлы, ауыл-аймағы құрмет тұтатын отбасылар, жаңадан шаңырақ көтерген жастар қатысты. Мегаполисте қамқорлықққа мұқтаж жанұяларға мемлекет тарапынан ұдайы әлеуметтік қолдау көрсетіліп келеді. Былтыр 65 мың адам жұмысқа орналасса, 17 мың азаматтың кәсіп ашуына жағдай жасалған. Оларды баспанамен қамтасыз ету де басты назарда.

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

Оның ішінде 747 әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға, 857 жұмыс істеп жүрген жастарға арендалық баспана ретінде берілген.

Енді Шымкентте өнегелі, мерейі тасыған шаңырақ иелері «Үздік Отбасы» премиясына ие болмақ. Жыл сайын табысталатын мұндай марапат азаматтардың отбасы алдындағы жауапкершілігін арттыруға игі ықпал ететін болады.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу