Оралда жылу қазандығында апат болып, жергілікті деңгейде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Құбыр жарылып, 18 көпқабатты тұрғын үйде 3500 тұтынушы ыстық сусыз қалды. Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, апат жойылды, бірақ жылу желілері толық жөндеуді қажет етеді. Сол үшін төтенше жағдай жарияланып, қалалық бюджет қорынан 600 млн теңге қаражат бөлу көзделіп отыр. Әйтпесе бұл үйлер қыста жылусыз қалады. 10 жыл бұрын салынған болат құбырлар әбден шіріп, ескірген. Жоспар бойынша келесі аптадан бастап қыркүйектің 15-іне дейін 10 шақырымдық жылу желісі жөнделмек.
Жандос Дүйсенғалиев, қала әкімінің орынбасары:
Толықтай 18 үйді қамтамасыз ететін жылу желілерін ауыстыруымыз қажет. Егер ауыстырмасақ ертең қыста, ақпан ортасында - 40 градус аязда түгел жылу желісі істен шығып, екінші Екібастұз болуы мүмкін. Жұмыстарды жүргізу кезінде 18 үйде ыстық су уақытша болмайды осы жаз мезгілінде.
Ардақ Мұратқызы