Өзбекстанда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Талғат Сырымбетов екінші айналымнан сүрінді. 60 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан былғары қолғап шебері 1/16 финалда былтырғы Азия чемпионы, иорданиялық боксшымен жұдырықтасты.
Талғат бірінші раундтан бастап ашық шабуылға көшіп, соққыларын жиі дарытуға тырысты. Дегенмен, төрешілер басымдықты иорданиялық боксшыға берді. Ал, екінші раунда қарсыласы ескерту алып, басымдық жерлесімізге ауды. Үшінші раундта та Талғат аянып қалмады. Алайда төрешілер жеңісті иорданиялыққа берді.
Бокс сарапшылары бұл жерде қазақстандық боксшының айқын басымдықпен жеңгенін айтады. Жалпы, мұндай әділетсіз шешім «IBA-да» жиі кездеседі, дейді.