Василий Ломаченко әлем чемпионы бола алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Василий Ломаченко әлем чемпионы бола алмады

02.03.2014
Василий Ломаченко әлем чемпионы бола алмады
 
Украиндық боксшы өзінің кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегінде Орландо Салидодан жеңіліп қалды.
 
Спорттық мансабында екі мәрте Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы және Еуропа чемпионы атанған украиндық Василий Ломаченко кәсіби шаршы алаңдағы екінші кездесуінде әлем чемпионы мәртебесін  иелене алмады.
 
АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында Дүниежүзілік бокс ұйымы нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін болған 57,15 келіге дейінгі салмақтағы 12 раундтық жекпе-жекте  ол мексикалық Орландо Салидоға ұпай саны бойынша есе жіберіп алды.
 
Кездесу қорытындысы бойынша бір ғана төреші украиндық боксшының еншісіне көбірек ұпай берді, ал қалған екеуі мексикалық спортшы жеңді деп санады.

Хабарламаларға жазылу