Қанат Ислам колумбиялық Хуан Де Анхельді техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам колумбиялық Хуан Де Анхельді техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

09.05.2016
Қанат Ислам колумбиялық Хуан Де Анхельді техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Кәсіпқой бокстан WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Қанат Ислам АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қаласында өзінің 21-ші кезедсуін өткізді. Ол бұл жекпе-жегінде колумбиялық былғары қолғап шебері Хуан Де Анхельді 6-шы раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Қ.Ислам кәсіпқой рингтегі 21-ші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, қарсыласын 18-ші рет нокаутқа жіберді. Ал, Анхель үшін бұл 4-ші жеңіліс. Бұған дейін ол 18 рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен.  

Айта кетейік, бокс кешін және жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен таңғы 07:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетті.

Хабарламаларға жазылу