Ақтөбе облысында өрттен 4 жұмысшыны күйік шалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында өрттен 4 жұмысшыны күйік шалды

02.05.2023

Қазір зардап шеккендердің жағдайы қалыпты. Олар Темір аудандық ауруханасына жеткізілді. Төртеуін де екінші дәрежелі күйік шалған.

Өрт кеше кешкі сағат 4:00 шамасында «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ № 2 Газ өңдеу зауытында болған еді. Ол жерде 20 тонналық 5 цистерна жанған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел штаб құрды. Ал өртті сөндіруге 9 техника мен 60 маман жұмылдырылды. Олар тілсіз жаумен 14 сағаттай күресті. Жалын толығымен бүгін таңғы 6:20-да ғана сөндірілді. Қазір салқындату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу