Ақтөбе облысында өрттен 4 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында өрттен 4 адам зардап шекті

30.09.2022

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында болған өрттен 4 адам зардап шекті. Оқиға өткен түні, сағат бірлер шамасында болған. Қызыл жалын алдымен жер үйлердің біріне тиесілі сарайды шарпыған. Одан соң жапсарлас тұрған гаражға өткен. Салдарынан сол маңдағы жеңіл көліктің түгі қалмай жанып кетті. Оның газ қондырғысы болған. Абырой болғанда, ол жарылған жоқ. Өкінішке орай, үй иесі мен ұлы және жазғы сарайды жалдап тұрып жатқан екі адам күйік шалып ауруханаға түсті. Бәрінің де жағдайы ауыр.    

Хабарламаларға жазылу