ШҚО-да 4 адамды күйік шалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да 4 адамды күйік шалды

23.06.2023

Шығыс Қазақстанның Шемонайха қаласындағы жанармай стансиясындағы өрт кезінде тағы 2 адамды күйік шалғаны анықталды.Зардап шеккендердің төртеуі де қазір аудандық орталық ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, екі адамның хәлі өте ауыр. Ал келесі ер адам мен әйел хирургия бөлімінде ем-дом қабылдап жатыр. 4 науқасқа үздіксіз медициналық көмек көрсету үшін Өскеменнен білікті дәрігерлер санавиациямен ұшып барды. Ал жанар-жағармай стансиясында жарылыстың неден болғанын анықтау үшін бірнеше құзырлы органнан бірілескен тергеу-тексеру комиссиясы құрылды.


Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу