Таразда көпқабатты үй өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда көпқабатты үй өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды

17.04.2023

Таразда көпқабатты үйді шарпыған өрттен кейін тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Төле би көшесіндегі ескі жатақхананың 100 тұрғыны көрші мектепке орналастырылды. Олардың 60-ы балалар.

Бес қабатты үйдің шатырынан шыққан жалын 800 шаршы метр аумақты түгел алып кеткен. Тілсіз жау сенбі күні, түнгі төрт шамасында тұтанды. Өртті сөндіруге 13 техника мен 54 өрт сөндіруші жұмылған. Әзірге қызыл жалынның шығу себебі белгісіз. Бастапқы болжам бойынша қуат көзінің қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін. Нақты неден болғанын әрі шығын көлемін арнайы құрылған комиссия есептеп жатыр.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу