Таразда көпқабатты үй өртеніп, бір адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда көпқабатты үй өртеніп, бір адам қайтыс болды

18.06.2021

Таразда көпқабатты үй өртеніп, бір адам қайтыс болды. Жансақтау бөлімінде жатқан тағы бір тұрғынның жағдайы өте ауыр. Оқиға кешкі сағат сегіздер шамасында болған. Бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан шыққан қызыл жалын 25 шаршы метр жерді шарпыған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 25 адамды қауіпсіз жерге көшірді, олардың 10-ы балалар. Тілсіз жау күшейіп кеткендіктен 5 адам арнайы сатымен түсірілді. жарақат алған 4 адам медициналық тексерістен кейін үйіне қайтарылған. Қазір өрттің неден шыққаны анықталуда.

Әлібек Абсатов, ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі басшысының орынбасары:
Жоғарғы рангты күшпен құралдар жеткізілді. Оған екі қол оқпандары беріліп, өрт 20:7-де оқшауланып, жойылды. Оттықты абайсызда қолдану, темекі шеккеннен ба деп болжап отырмыз. Қазір лоборатория жұмыс істеп жатыр. 

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу