Үкімет ауылды дамытуға арналған тұжырымдаманы бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет ауылды дамытуға арналған тұжырымдаманы бекітті

10.04.2023

Үкімет ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Бұл Мемлекет басшысының жарлығын іске асыру үшін қолға алынған шара. Тұжырымдама ауылдық аумақтардың географиялық ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетін аша түсуге бағытталған. Оның аясында ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру бойынша түрлі шаралар қарастырылған.

Құжатта «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында республика бойынша ауыл тұрғындарының 90 пайызы өмір сүріп жатқан даму әлеуеті жоғары 3,5 мың елді мекенді кешенді жаңғыртуға баса назар аударылған. Негізгі мақсат – ауылдық аумақтарда әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту.

Азамат Бейбітұлы




Хабарламаларға жазылу