Үкімет кәсіпкерлерді қолдауға арналған шаралар топтамасын бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет кәсіпкерлерді қолдауға арналған шаралар топтамасын бекітті

05.03.2021

Биыл миллионнан астам кәсіпкерге кезекті рет көмек көрсетіледі. Бүгін мемлекеттік комиссия бизнесмендерді қолдау бойынша шұғыл шаралар пакетін бекітті. Маңызды құжатқа сай, карантиннен зардап шеккен шағын және орта бизнес иелеріне арзан несие беру жалғасады. Ал көп пайызбен қарыз алғандардың берешегі қайта қаржыландырылады. Әрі мүлік салығынан босату мерзімі жыл соңына дейін ұзартылып отыр. 

Кешенді шара 1 миллион 200 мың бизнесменді қамтымақ. Бұл жалпы ішкі өнімнің 3%-ға өсуіне ықпал етуі тиіс. Премьер-Министр құжатты 12 наурызға дейін Үкімет отырысында таныстыруға тапсырма берді. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу