Бразилияда балабақшаға шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда балабақшаға шабуыл жасалды

06.04.2023

Бразилияда балабақшаға жасалған шабуылдан төрт бала қайтыс болды. Тағы төртеуі жараланып, ауруханаға түскен. Қанды оқиға елдің оңтүстігіндегі Блуменау қаласында болды. Қазір мектепке дейінгі мекемеде ата-аналар мен мұғалімдер жиналып, мерт болған жеткіншектерді еске алып жатыр. Қаза тапқан балалар - төрт пен жеті жас аралығында. Оларға оқ жаудырған 25 жастағы жігіт полицияға өз еркімен берілді. Оның мұндай ауыр қылмысқа неліктен барғаны белгісіз. Бір анығы - шабуылшы бұған дейін есірткі тұтынып, өгей әкесін пышақтаған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу