Астанада инкассаторға шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада инкассаторға шабуыл жасалды

08.08.2014
Астанада инкассаторға шабуыл жасалды

Бүгін таңертең Астананың орталығында инкассаторға шабуыл жасалды.

Елордадағы ұйым қызметкерлерінің бірінен белгісіз біреу 4 миллионнан астам теңгесі бар сөмкені жұлып әкетпек болған, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат.

Оқиға Республика даңғылы мен Абай көшесінің қиылысында болған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің кім екені анықталды. Оны ұстау бойынша шаралар жүргізілуде.

Хабарламаларға жазылу