Е.Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалына өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалына өтті

16.02.2024

Теннисші Елена Рыбакина Қатар астанасында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.

Еліміздің бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы ширек финалда канадалық Лейла Фернандеспен кездесіп, 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Дохадағы доданың алғашқы айналымда отандасымыз қытайлық Чжу Линді, екінші айналымда америкалық Эмма Наварродан басым түскен болатын.

Жартылай финалда Рыбакина ресейлік теннисші Анастасия Павлюченковамен шеберлік сынасады. Халықаралық теннис қауымдастығы Елена Рыбакинаның өнеріне тәнті. Олар «осы маусымда үшінші рет жартылай финалға жолдама алған Қазақстандық спортшы 14 қарсыласын тізе бүктірді!»- деп жоғары баға берді.

Хабарламаларға жазылу