Зарина Диас іріктеу финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас іріктеу финалына шықты

18.03.2014
Зарина Диас іріктеу финалына шықты
Қазақстандық теннисші Зарина Диас АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA турнирінде (Miami Masters ) іріктеу финалына шықты. Ол жартылай финалда италиялық Камила Джорджиді ұтты. 2 сағат 20 минутқа созылған тартысты кездесудің қорытындысы - 7:6, 3:6, 6:1.
 
Турнирдің негізгі бөлігіне шығу үшін Зарина Диас ресейлік Варвара Флинкті жеңуі тиіс.
 
Сондай-ақ, Майами турнирінің іріктеу кезеңінің финалына Андрей Голубев те шықты. Ол румын Мариус Копилден басым түсті. Ал Александр Недовесов тайпейлік Джимми Вангқа есе жіберіп, жарысты аяқтады.

Хабарламаларға жазылу