Елена Рыбакина «Miami Open» турнирінің жартылай финалына өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Рыбакина «Miami Open» турнирінің жартылай финалына өтті

29.03.2023

Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан «Miami Open» турнирінің жартылай финалына өтті. Ол ширек финалда итальялық Мартина Тревисаннан екі сетте де басым түсті. Матч 1 сағат 10 минутқа созылды. Кездесу барысында қазақстандық сегіз рет эйс жасады. Турнирдің жартылай финалында Елена Рыбакина Джессика Пегула мен Анастасия Потапова жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу