Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан «Miami Open» турнирінің жартылай финалына өтті. Ол ширек финалда итальялық Мартина Тревисаннан екі сетте де басым түсті. Матч 1 сағат 10 минутқа созылды. Кездесу барысында қазақстандық сегіз рет эйс жасады. Турнирдің жартылай финалында Елена Рыбакина Джессика Пегула мен Анастасия Потапова жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Асылбек Данияр