Қостанайда «Кәмшат» фильмінің жаңа нұсқасының тұсауы кесілді

30.06.2015
Қостанайда «Кәмшат» фильмінің жаңа нұсқасының тұсауы кесілді

Қостанайда «Кәмшат» фильмінің қайта өңделіп, бояуы байытылған түрлі-түсті нұсқасының тұсауы кесілді.

1975 жылы түсірілген туынды Алматы қаласында өңделген.

Деректі фильмде тың игеру жылдары ер-азаматтармен қатар тер төгіп, тракторды тізгіндеген қазақтың қайсар қызы Кәмшат Дөненбаеваның өмірі мен еңбек жолы баяндалған.

Шара барысында алматылық киноөңдеушілер фильмді «Облыстық кино-бейнеқорды сақтау және пайдалану орталығы» өкілдеріне салтанатты түрде табыстады.

Туындыны көпшілікпен бірге Кәмшат Байғазықызының ұл-қыздары мен туыс-туғандары да тамашалады.  

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу