Астанада «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмінің тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмінің тұсауы кесілді

16.02.2018

Бұл жоба былтыр маусым айында қолға алынған. Түсірілім тобы Ресей, Моңғолия, Өзбекстан мен Тәжікстан елдеріне барды. Бас-аяғы отыз мың шақырым жерді басып өткен. Ерекше тағдыр иелерімен тілдесіп, олардың қазіргі күнделікті өміріне куә болды. Мысалы, Моңғолияның Налайхан ауданында тұратын қандастарымыз байырғы үлгідегі қазақ киімдерін киюді ұмыт қылмаған. Ұлттық салт-дәстүрлерімізді де бүгінгі заман талабына сай жаңғыртуда. Бүгінгі туынды 8 сериялы деректі фильмдер топтамасының біріншісі. Қазақ тілінде шыққан деректі фильм алдағы уақытта орыс және ағылшын тілдеріне аударылады.

Оралбек Ботбай, жоба демеушісі:

- Тарыдай шашылып жүрген қазақтар бір шаңырақ пен бір Тудың астына жиналса, бұл біздің үлкен арманымыздың бірі.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу