Бүгін «Әміре» фильмінің тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Әміре» фильмінің тұсауы кесілді

02.04.2018

Бүгін көптен күткен «Әміре» фильмінің тұсауы кесілді. Фильмде Әміре Қашаубаевтың Париждегі қайталанбас жеңісі мен соңы қудалауға алып келген Мұстафа Шоқаймен кездесуі шебер көрсетілген. Сондай-ақ, кинотуындыда әншінің танымал америкалық джаз композиторы Джордж Гершвинмен достығы баяндалып, әнші жайлы елге белгісіз деректер де көрініс тапқан. Басты рөлді Санжар Мәдиев сомдаса, Мұстафа Шоқайды Еркебұлан Дайыров шебер алып шыққан. Режиссері - АҚШ азаматы Джеф Веспа. 4 жыл бойы түсірілген картинаның жалпы ұзақтығы 1 сағат 28 минут. Қазақтың тенор дауысты, біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығымен тұспа-тұс келген фильм 5-ші сәуірден бастап прокатқа шығады.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу