Атырауда «Өмірзая» фильмінің тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда «Өмірзая» фильмінің тұсауы кесілді

14.05.2015
Атырауда «Өмірзая» фильмінің тұсауы кесілді

Атырауда «Өмірзая» фильмінің тұсаукесер рәсімі  өтті.

Облыстық Дін істері басқармасының тапсырысымен түсірілген туындының премьерасы атыраулықтарға Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында көрсетілді.

Жалпы, бес бөлімнен тұратын көркем фильмде теріс ағымның жетегінде кеткен жастардың тағдыры баяндалады.

Фильм жақын күндері «Қазақстан-Атырау» телеарнасынан көрсетілмекші.  

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу