Ұлыбританиядағы сайлау бірер сағат бұрын ғана басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританиядағы сайлау бірер сағат бұрын ғана басталды

19.03.2023

Ұлыбританиядағы сайлау бірер сағат бұрын ғана басталды. Өйткені Лондон Астана уақытынан 6 сағат артта. 

Марина Бекенова, тілші: 

Мен қазір Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі алдындамын. Дәл осы жерде №244 сайлау учаскесі орналасқан. Бүгін әдеттегіше күн бұлтты. Бірақ жаңбыр жаумайды деген болжам бар. Ауа райы қандай болса да отандастарымыз маңызды шарадан қалыс қалмайды. Парламент сайлауы туралы ақпарат жарияланған сәттен бастап, 400 ден астам дауыс беруші учаскеге алдын ала тіркелген. Отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елшілік жергілікті полициямен ынтымақтастықта жұмыс істеуде. Биылғы жылдың бір ерекшелігі сайлау Наурыз мерекесі қарсаңында өтіп жатыр. Келушілерге елшілік қызметкерлері ұлттық тағамдар ұсынуда. 

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу