Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр

07.02.2024

Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру басталды. Сайлау учаскелері сағат таңғы 8:00-ден бастап ашық. Республика бойынша 6 миллион 400 мыңнан аса адам дауыс бере алады. Бұл үшін 6 жарым мыңнан астам сайлау учаскесі ашылған. Сайлау барысын бақылауға 90 мыңнан астам байқаушы қатысып жатыр. Президенттікке үміткер кандитаттардың жалпы саны - 7. Олардың арасында қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Әлиев те бар. Әзербайжанда кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы екі ай бұрын жарияланған еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу