Саяси науқан: АҚШ-та 400-дей адам дауыс береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси науқан: АҚШ-та 400-дей адам дауыс береді

20.11.2022
АҚШ-та ұзын ырғасы 400-дей адам дауыс береді. Қазір Америкада сайлау науқанынының қызған шағы. Ақш-тағы тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы байланысқа шықты.

Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Қазақстанда дауыс беру аяқталса, Америкада енді қызған шағы. Үш сағат бұрын ғана басталды. Себебі екі ел арасында кемінде 11 сағаттық уақыт айырмашылығы бар. Қазір мен Вашингтондағы Қазақстан елшілігі ғимаратында тұрмын. Мұнда 249-шы сайлау учаскесі ашылды. Америкада алғаш болып өзім дауыс бердім. Жалпы, АҚШ-тың үш қаласында Вашингтон, Нью-Иорк және Сан Франсискода сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 07:00-де ашылып кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Ұзын саны 400-дей қазақтандық: елшілік қызметкерлері, студенттер және консулдық тіркеуде тұрған азаматтар өз таңдауын жасайды. Қазір қасымда Болашақ бағдарлмасының степендианты Айнұр Түймекбекова тұр. Айнұр 7 сағат жүріп келіпсіз.

Уақыт айырмашылығына байланысты әлем бойынша ең соңғы болып Америкадағы учаскелер жабылады. Нақты айтқанда Санфрансико қаласында Астана уақыты бойынша ертеңгі таңғы онда дауыс беру тоқтайды.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу