Жапонияда сайлау қарсаңында парламент таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда сайлау қарсаңында парламент таратылды

14.10.2021

Бүгін Жапония парламентінің 465-орындық төменгі палатасы таратылып, қазанның 31-де жаңа сайлау өткізуге жол ашылды. Мұны жаңа премьер-министр Фумио Кисида бірер сағат бұрын жариялады. 11 күн бұрын билікке келген ол алдағы сайлауда Либералдық-демократиялық партиясымен жеңіске жетіп, тағы да заң шығару органында басымдыққа айналудан үмітті. Ел қазір одан пандемияны аяқтау және экономиканы қалпына келтіру жолында нақты шешімдер қабылдауды талап етіп отыр. Дегенмен, жергілікті оппозиция халық алдында үлкен беделге ие емес. Биліктің мәлімдеуінше, Жапонияда сайлау алды үгіт-насихат науқаны ресми түрде сейсенбі күні басталады.


Хабарламаларға жазылу