1-10 шiлде аралығында ҚР Тұңғыш Президентi кiтапханасында ашық есiк күндерi өтедi. Бұл туралы бүгін кiтапхананың атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков мәлiмдедi.
10 күн бойы келушiлерге кiтапхананың жұмысы, Елбасы және елорда туралы ақпараттар таныстырылады.
Алдағы уақытта Тұңғыш Президент кітапханасында талдау мектебін құру жоспарланып отыр. Осы орайда, Ресей, АҚШ, Қытай, Еуроодақ пен Орталық Азия елдерiнiң даму қарқыны жүйелi түрде зерттелмек.
Айта кетейік, қазіргі таңда кітапхана қорында 127 мыңнан астам материал бар.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ