Астанада Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтілмек

04.04.2015
Астанада Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтілмек

Бұл іс-шара ҚР денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.

Мереке елордадағы «Керуен» сауда ойын сауық орталығында тойланады. Акция аясында «Денсаулық қалашықтары» ашылып, кез-келген қатысушы медицина мамандарының кеңестерін ала алады. Спорт клубтарының өкілдерінің қатысуымен шеберлк дәрістері, түрлі конкурстар, викториналар, флеш-моб және спорттық-бұқаралық шаралар өтеді.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні аясында Астана қаласының медициналық мекемелерінде Ашық есік күндері ұйымдастырылады. Шара барысында әрбір тұрғын жоғары санатты мамандарға көкейдегі сауалдарын қойып, консультацялық көмек ала алады.

 

astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу