Астанадағы «Керуен» сауда орталығында Денсаулық күніне арналған шара өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Керуен» сауда орталығында Денсаулық күніне арналған шара өтеді

05.04.2015
Астанадағы «Керуен» сауда орталығында Денсаулық күніне арналған шара өтеді

7 сәуірден бастап, елордада «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!» ұранымен Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді.

Шара ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында ұйымдастырылмақ.

Орталықта «Денсаулық қалашықтары» ашылып, кез келген қатысушы медицина мамандарының кеңестерін ала алады.

Спорт клубтары өкілдерінің қатысуымен шеберлік дәрістері, түрлі конкурстар, викториналар, флеш-моб, спорттық-бұқаралық шаралар өтеді.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні шеңберінде Астана қаласының медициналық мекемелерінде «Ашық есік» күндері өтеді.

Шара барысында әрбір тұрғын жоғары санатты мамандарға сауалдарын қойып, консультацялық көмек ала алады.

 

astana.kz

Хабарламаларға жазылу