ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында алғашқы оқырман билеттері тапсырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында алғашқы оқырман билеттері тапсырылады

03.11.2014
ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында алғашқы оқырман билеттері тапсырылады

Осы аптада ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында алғашқы оқырман билеттерін тапсыру рәсімі өтеді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Әсет Мұқажанов айтты.

Оның айтуынша, осы аптада ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында брифинг пен presidentlibrary.kz веб-сайтының таныстырылымы өтеді, сондай-ақ онда алғашқы оқырман билеттері тапсырылады.

Айта кетсек, кітапхана «Назарбаев Орталығы» ғимаратында  орналасқан. Кітапхана қорында 20 мың еңбекті қамтиды.

Мекеме Президентке сыйға тартылған экспонаттарды жинақтаумен де айналысады. Қазіргі күні мемлекет басшыларының және олардың ресми өкілдерінің сыйлықтарын, өнер туындылары мен тарихи жәдігерлерді қосқанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке коллекциясынан алынған 500 экспонат бар. 

Хабарламаларға жазылу