Ақтөбе облысы аумағында жолаушылар пойызы тепловозбен соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысы аумағында жолаушылар пойызы тепловозбен соқтығысты

06.03.2023

Ақтөбе облысы аумағында тепловоз Бішкек-Самара бағытындағы жолаушылар пойызымен соқтығысты. Оқиға салдарынан 2 вагон рельстен шығып кеткен.

Жолаушылар дін аман. Қажетті көмек көрсетілді. Ыстық тамақ берілді. Дәрігерлер мен құтқарушылар шұғыл түрде келіп, жағдайды бақылауға алды. Станция басында қазан асып, жергілікті тұрғындар да жолаушыларға азық-түлік жеткізді. Төтенше жағдайға не себеп болғанын анықтау үшін «Қазақстан Темір Жолы» акционерлік қоғамы мен Төтенше жағдайлар департаменті арнайы комиссия құрды. Жағдай 6 сағаттан соң реттеліп, пойыз сапарын жалғастырды.

Марғұлан Аманбаев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

Екі вагон жолдан шығып кеткен және тепловоз. №117 пойыз, Самара-Шымкент бағытындағы. Адамдардың бәрі аман. Қазіргі кезде ҚТЖ ұйымымен100 адам қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу