Германияда жолаушылар мен жүк пойызы соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда жолаушылар мен жүк пойызы соқтығысты

02.08.2014
Германияда жолаушылар мен жүк пойызы соқтығысты

Германияның Мангейм қаласындағы теміржол бекетінің маңында жолаушылар мен жүк пойызы соқтығысып, 45 адам жапа шекті.

Қазір 18 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың 5-і аса қатты жараланған.

250 жолаушысы бар «Eurocity» пойызы Австрияның Саарбрюккен қаласынан шыққан. Ал, «ERS Railways» жүк тасымалдаушы пойызы Дуйсбург – Шопрон бағытымен кетіп бара жатқан болатын.

Қазіргі уақытта мамандар апаттың себебін анықтауда. Әзірге жүк пойызының разъезде жолаушылар пойызын соққаны белгілі.

Соның салдарынан екі пойыздың бірнеше вагоны рельстен шығып кеткен. Ал, Мангейм теміржол вокзалы уақытша жабылды.

 

 

Хабарламаларға жазылу