Блинкен қазақстандықтарға рақмет айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Блинкен қазақстандықтарға рақмет айтты

01.03.2023

«Қазақстанға сапарым мен үшін ұзақ уақыт ұмытылмайтын болады». АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен желідегі парақшасында қазақстандықтарға алғыс айтып, осындай жазба қалдырды. Ол өзін жылы қарсы алған Қазақстан халқына, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Сыртқы істер министрлігіне айрықша ризашылық білдірді. Жұмыс сапары кезінде өткен кездесулер нәтижелі болғанын да атап өтті.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу