Ресейде депутаттар РФ қарулы күштерін шетелде пайдалануға рұқсат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде депутаттар РФ қарулы күштерін шетелде пайдалануға рұқсат берді

23.02.2022

Ресей парламентінің жоғары палатасы Президент Владимир Путинге елдің қарулы күштерін шетелде пайдалануға рұқсат берді. Құжат қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді. Сенаторлар қарулы күштер деп «ДНР» мен «ЛНР» -да бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін бітімгершілік күштер туралы айтылып тұрғанын ескертті. Айтуынша, шара аталған аймақ тұрғындарын қорғауға, соғысты тоқтатуға бағытталған.

Зеленский запастағы офицерлерді армияға шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Украина президенті Владимир Зеленский запастағы офицерлер әскерге шақырылатынын мәлімдеді. Халыққа телевизиялық үндеуінде мемлекет басшысы жаппай мобилизация жариялаудың қажеті жоқ екенін айтты. Бұған қоса, Зеленский дағдарыстан дипломатия арқылы шығу жолдарын қарастырып жатқанын да жеткізді.

Блинкен мен Лавровтың кездесуі өтпейтін болды

Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Украина дағдарысына қатысты ертеңге жоспарланған кездесуден бас тартты. Блинкен Ресей дипломатияны таңдамаған соң, бұл кездесуді өткізудің мәні жоқ деп мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу