АҚШ синтетикалық есірткіге қарсы коалиция құруды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ синтетикалық есірткіге қарсы коалиция құруды ұсынды

03.08.2023

Америка Құрама Штаттары синтетикалық есірткіге қарсы халықаралық коалиция құруды ұсынып отыр. Мұны Мемлекеттік Хатшы Энтони Блинкен мәлімдеді. «Синтетикалық есірткіге қарсы жаһандық күрес коалициясы» деп аталған шарада Блинкен Америкадағы 18 бен 49 жас аралығындағы адамдардың өліміне негізгі себеп фентанил екенін айтты.

Трансұлттық қылмыстық топтар, АҚШ нарығын жаулап, әлемнің өзге де елдеріне кіре бастады. 60-қа жуық мемлекеттің министрлері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысқан шарада Қазақстан Үкімет басшысының орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу де сөз сөйледі.

Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен синтетикалық есіртікімен күресу үшін кешенді жоспардың қабылданғанын жеткізді. Сондай-ақ, көрші елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара ынтымақтастық орнаған.

Энтони Блинкен, АҚШ мемлекеттік хатшысы:

Бір ел есірткі жасайтын химиялық заттарды қатаң түрде шектесе, саудагерлер оны басқа жерден сатып алады. Бір мемлекет транзиттік жолдарын кесіп тастаса, есірткі саудагерлері басқа елге тез ауысады. Ешқандай Үкімет жалғыз өзі бұл мәселені шеше алмайды. Сондықтан біз осы жаһандық коалиция құрып жатырмыз.


Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу