Бейбарыс Сұлтанның аты елордадағы көшелердің біріне берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбарыс Сұлтанның аты елордадағы көшелердің біріне берілді

24.02.2023

Күллі Түркі әлеміне ортақ тұлға, әйгілі әмірші Бейбарыс сұлтанның аты елордадағы көшелердің біріне берілді.

Алты жолақты көшенің ұзындығы 2 мың шақырымды құрайды. Оның бойында көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар салынады деп жоспарланған. Абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп, тұрғындардың бос уақытты тиімді өткізуіне қолайлы жағдай жасалады. Бүгінге дейін мың екі жүздей көшеге ат берілсе, олардың 92 пайызы тарихи тұлғалардың есімін иеленген. Шараға келген зиялы қауым мен тарихшылар Бейбарыс сұлтанның ерлігі жайлы сыр шертті. Астанадағы көшеге әйгілі әміршінің есімі берілгені өте орынды екенін айтты.

Бүркітбай Аяған, тарих ғылымдарының докторы:

Ол кісі XIII ғасырда тұрған адам. Сол кезде бір таңқаларлық жағдай Алтын орда, Ұлы ұлыс Алтын орданың хандарымен ол кісі кездеседі. Сонда дейді қыпшақ тілінде сөйлеген дейді. Тілін ұмытпаған Бейбарыс кейін Алтын ордамен жақсы одақ құрады. Олармен кәдімгі бірде ерегіскен жерлері де бар, бірақ жалпы олармен Одақ құрып, басқа елдермен кәдімгі күреске шыққан.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу