Астанадағы Л.Мирзоян көшесіне академик Қ.Сәтбаевтің есімі берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Л.Мирзоян көшесіне академик Қ.Сәтбаевтің есімі берілді

10.04.2015
Астанадағы Л.Мирзоян көшесіне академик Қ.Сәтбаевтің есімі берілді

Ғылым күні қарсаңында елордадағы көшелердің біріне белгілі қазақ ғалымының есімі берілді.

Бүгін Левон Мирзоян атындағы көше атауы қала мәслихатының шешімімен академик Қаныш Сәтбаевтің есіміне ауыстырылды.

Көшенің ашылу салтанаты Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өтті. Шараға қоғам қайраткерлерімен бірге, ғылым саласының саңлақтары да қатысты.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу