Елорда көшелерінің біріне Ә.Кекілбайұлының аты берілді

06.12.2019

Елорданың көрікті көшесіне кемеңгер Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді. Шара халық жазушысының туған күніне орайластырылып отыр. Ал жалпы 80 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Бүгін соның жалғасы ретінде мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев бастаған зиялы қауым көшенің ашылу салтанатына қатысты.

Әбіш Кекілбайұлының атына берілген көше осы. Ұзына бойы абаттандырылған. Қос қапталында жекеменшік үйлер мен сәулетті ғимараттар қатар тізілген. Даңғыл жолдың бұрынғы жобалық атауы №28. Ал енді бәрі кемеңгердің есімімен атайды. Бір қызығы өмірде де, өнерде де көңілі жарасқан Фариза Оңғарсыновамен енді көшелері де түйісіп тұр.

Әбіш Кекілбайұлы халыққа ортақ тұлға. Бірақ Маңғыстау жұрты төл тумасымен айрықша мақтанады. Сондықтан сыйлас адамдары мен туыстары шараға арнайы келді. Бұл еліміздегі абызға беріліп отырған осымен екінші көше атауы.

Көшеге белгі ретінде кемеңгердің сөзі бедерленді. Бұл «қазақ даласының әр тасы – қағбам, әр бұтасы – сәждам», - деген. Яғни абыз аманаты арқылы әрқайсымызға жауапкершілік жүгін артып отыр.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу