Елордадағы көшелердің біріне Қазақ радиосының аты берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы көшелердің біріне Қазақ радиосының аты берілді

31.03.2021

 Елордадағы көшелердің біріне «Қазақ радиосының» атауы берілді. Сол жағалауда «Қазмедиа» орталығы орналасқан кешеннің іргесіндегі ұзындығы 560 метрлік көше енді «Қазақ радиосы көшесі» деп аталады. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің шешімімен Елордадағы көшелердің біріне белгілі диктор Әнуарбек Байжанбаевтың да есімі берілді. Бұл қазақ радиосының 100 жылдығына тарихи тарту.

Дулат Абибуллаев, «Қазақ радиолары» ЖШС бас редакторы – «Қазақ радиосы» радиоарнасының директоры:
Екі апта бұрын Шымкент пен Қызылорда қаласында да осындай көшелер ашылған, жыл соңында Алматы қаласында да «Қазақ радиосы көшесі» ашылмақ.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу