Солтүстік Қазақстанда 819 сайлау комиссиясы жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда 819 сайлау комиссиясы жұмыс істейді

21.02.2023

Петропавлда саяси науқан кезінде 819 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Бүгін орталық сайлау комиссиясының мүшелері, прокуратура қызметкерлері және шетелдік байқаушылардың қатысуымен семинар – кеңес өтті. Сайлауға дайындық жұмыстары пысықталды. Қазір өңірде сайлаушылардың тізімі нақытланып жатыр. Мәжіліс пен мәслихат депуттаттығына кандидат ретінде тіркелген 556 үміткердің 41 пайызы әйел адам.

Константин Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

Облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары қаңтар айынан бастап кәсіби түрде жұмыс істеуге кірісті. Бұл да сайлаудың бір жаңашылдығы. Сонымен қатар, сайлаушылар 5 бюллетень бойынша дауыс береді. Республикалық маңызы бар қалаларда бюллетень саны 4-еу болмақ.


Хабарламаларға жазылу