ОСК төрағасы теріскей тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК төрағасы теріскей тұрғындарымен кездесті

09.11.2022

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы теріскей тұрғындарымен кездесті.

Нұрлан Әбдіров облыс орталығындағы сайлау учаскелерін аралап, саяси науқанға әзірлік барысымен танысты. Сонымен қатар аумақтық сайлау комиссиясы, мемлекеттік орган, саяси партия өкілдерінің қатысуымен жиын өткізіп, бірқатар мәселелерді талқылады. Солтүстік Қазақстанда 385 мыңнан астам дауыс беруші тіркелген. 640 сайлау учаскесі бар.

Гүлия Ережепова, сайлау учаскесінің хатшысы:

Сайлау учаскесінде 7 адам жұмыс істейміз. Участок 100 пайызға дайын. Барлық құжаттар бар. Тізім бойынша барлық сайлаушыларды тексердік. Олардың арасында келе алмайтын адамдар бар, оларға жәшік дайындап қойдық.

Эльмира Қаленова

Хабарламаларға жазылу