Сирияда парламенттік сайлауға дайындық жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда парламенттік сайлауға дайындық жүріп жатыр

12.04.2016
Сирияда парламенттік сайлауға  дайындық жүріп жатыр
Сайлау комиссиясы өкілдерінің мәлімдеуінше, бүгін кез келген үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынған.

Сирияда ертеңгі парламенттік сайлау алдында «тыныштық күні» жарияланды. Сайлау комиссиясы өкілдерінің мәлімдеуінше, бүгін кез келген үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынған.

Елде 2011 жылы басталған қарулы қақтығыс кезінде екінші мәрте өтетін парламенттік бәсекеде мыңдаған кандидат бақ сынамақ.

Сәуірдің 13-і, яғни сайлау күні ел астанасы мен өзге де қалаларда 7 мыңнан астам дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Маңызды шара үкіметтің бақылауындағы өңірлерде өтеді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу