Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің Парламентаралық форумы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің Парламентаралық форумы өтіп жатыр

10.02.2023

Трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану, экологиялық және энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл мәселелер Түркістанда өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумында талқыланып жатыр. Бес елдің Парламент Палаталарының делегациялары бас қосқан жиыннан студиямызға тілшіміз Айнұр Ақбаева қосылды. Айнұр форумда тағы қандай мәселелер қамтылды?

Айнұр Ақбаева, тілші:

Форумның екінші күнін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан парламентінің өкілдері екі жақты кездесулер өткізуден бастады. Бұл жерде бірнеше маңызды мәселерді талқыланды. Ал негзгі жиында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының форумға қатысушыларға үндеуін оқып берді. Форумда трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану, өзара экономикалық байланысты нығайту мен сауда-саттықты дамыту сияқты аймақтағы өзекті проблемалар айтылды. Өңірлік қауіпсіздік мәселелері мен бірлескен инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларды іске асыру, өңірдің транзиттік-көліктік әлеуетін іске асыру жайы қамтылды. Сарапшылардың пікірінше, Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықтың артуы - Қазақстан үшін өңіраралық қарым-қатынастардың дамуына оң ықпалын тигізбек. Жалпы бүгінгі форум – Орталық Азия өңірін дамытудың стратегиялық бағыттарын парламентарийлер арасында талқылауға арналған тұрақты алаң саналып отыр.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу