Қытай және Орталық Азия мемлекеттерінің III форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай және Орталық Азия мемлекеттерінің III форумы өтеді

30.04.2015
Қытай және Орталық Азия мемлекеттерінің III форумы өтеді

15-17 маусым аралығында Қытайдың Жичжао қаласында (Шаньдун өлкесі) Қытай және Орталық Азия мемлекеттерінің III форумы өтеді, деп хабарлайды  Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Елшілігі.

ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін форум Жібек жолы бойындағы экономикалық белдеуді бірлесіп құру тақырыбына арналған.

Форумға Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бюро мүшесі, саяси-құқықтық комиссиясының хатшысы Мэң Цзянчжу, министрліктер мен мемлекеттік органдардың басшылары, Қытайдың өңірлік және жергілікті кәсіпорындар уәкілдері, сондай-ақ, жоғары мемлекеттік қызметкерлер, ақпараттық сараптамалық орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және Орталық Азия мен Қазақстанның  кәсіпкерлерінен БАҚ өкілдерінен тұратын 300-ден астам адам қатыспақ.

Хабарламаларға жазылу