Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің I Парламентаралық форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің I Парламентаралық форумы өтеді

07.02.2023

Екі күннен кейін Түркістан қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің I Парламентаралық форумы өтеді. Бұл жиынға Орталық Азия мемлекеттерінің заң шығарушы органдарының спикерлері мен депутаттары қатысады деп жоспарланған.

Атап айтқанда, осы форумды өткізу Орталық Азия елдерінің заң шығарушы органдары арқылы мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту үшін қосымша алаң құру процесін бастауға мүмкіндік береді. Осы орайда белгілі саясаткер Қазбек Майгелдинов форумның маңыздылығын атап өтті.

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

Жалпы бұл форумның маңыздылығы неде? Біріншіден, қазіргі кезде геосаяси түрлі турболенттік болып жатқан кезде елдер арасындағы, әсіресе Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты дамыту ол маңызды. Өйткені бұл бір жағынан осы 5 ел арасында сауда қатынасы, шекаралық өзендер мәселесі бар. Одан кейін транспорттық логистиканы шешу тұрғысынан алған кезде осы ынтымақтастықтың беретін рөлі зор.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу