Қазақстандық құтқарушылар демалыссыз, күн-түн демей іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Соңғы ақпарат бойынша олар жүрген аумақтағы қираған үйлердің астына 3 адам болуы мүмкін. Олар «тыныштық уақытында» мамандардың сұрақтарына жауап береді, белгі білдірген. 72 сағаттан бері үйінді астында жатқандар су сұраған. Біздің дәрігерлер оларға суды тамызғышпен беруге тырысқан. Айта кетейік, Түркиядағы зілзалаға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар бөлді. Сонымен қатар қазақстандық білікті дәрігерлер мен құтқарушылардан құралған екі арнайы бригада оқиға орнында тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істеп жатыр.
Асылбек Данияр