Сирияға гуманитарлық көмек жеткізу қиындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияға гуманитарлық көмек жеткізу қиындады

08.02.2023

Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1900-ден асты. Қолайсыз ауа-райы мен ауыр техниканың жетіспеуі құтқарушылардың жұмысын қиындатып жіберді. Жолдардың нашарлығынан олар зардап шеккен аудандарға жете алмай жатыр. Бұған қоса, елде тырысқақ ауруы тарады.12 жылдан бері азаматтық соғысты бастан өткеріп жатқан елдегі 4 миллиондай адамға гуманитарлық көмек жеткізу мұңға айналған. БҰҰ халықаралық қауымдастықты Сирияға көмек көрсетуге үндеді. Құтқару жұмыстары күні-түні тоқтаған жоқ. Үйінді астынан әлі де дін аман шығып жатқан адамдар бар.


Хабарламаларға жазылу